русский        english
 
 
Компания туралы
 
Компания туралы
Жаңалықтар
Біздің команда
Біздің жобалар
Сертификаттар
Серіктестеріміз
Обратная связь
Жаңалықтар
31.07.2010
Былтыр "ВЭН" компаниясы өзінің 10-жылдық мерейтойын атап өтті.
Былтыр "ВЭН" компаниясы өзінің 10-жылдық мерейтойын атап өтті. Осы өткен жылдар аралығында біз жоблау, құрылыс және сервис саласында өзімізді білікті маман ретінде көрсеттік. Біз медицина, экология және тұрғын үй құрылысы объектілерін жоблап, пайдалануға тапсырдық.

«ВЭН» компаниясының корпоративті сайтына қош келдіңіз! 

Біздің компания Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан бойынша құрылыс жұмыстарына қатысты кез-келген деңгейлі жобалау, құрылыс жүргізу әрі жөндеу жұмыстарын атқарады.

«Ең бастысы – нәтиже» деген қағиданы ұстанған «ВЭН» компаниясы үздік дүние шығаруды, клиенттердің күткенінен асып түсуді, озат техникалық шешімдер қабылдауды әрқашан жөн көреді. Біздің жобаларымызға қарап осыны көресіз. Әсіресе экология, табиғатты сақтау, денсаулық сақтау, балаларға арналған нысандар сынды жобалар ілгері тұр.

Әріптестік, даму әрі жетілдіру – біздің үш тұғырымыз осы. Біз салған үйдің қабырғасының өзі, сіздерге медеу болғай.

Құрметпен, Нұржан Ахметов 

Компания туралы 

«ВЭН» компаниясы 1999-шы жылы құрылды. Әу бастан-ақ біздің компаниямыз – тапсырыс берушінің өзін таң қалдырарлықтай жұмысты мінсіз орындау, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыра, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін толығымен сезіну сияқты ұстанымдарды негізге алды. Компаниямыздың құрылған шағы мен өркендеуі еліміздің елордасы Астанамыздың өркен жаюымен тұспа-тұс келді. Бас қаламыздың сәулетті келбетіне біздің де үлес қосқанымыз, өзіміз үшін зор мәртебе.  

«Ең бастысы – нәтиже», осы сөз тіркесі компаниямыздың ұранына айналды. Өзіміздің жұмысымызға қойған талабымыз, жалпылама қалыптасқан талаптардан да едәуір жоғары. Біз әлеуметтік маңызы бар нысандарға: экология, табиғатты қорғау, медициналық мекемелерге ерекше көңіл бөлеміз.  

Біз, үнемі заманға сай технологияларды қолданып, әлемдік талаптарға сай болуға талпынамыз. Компаниямыз арнайы, жалпы құрылыс, жобалау жұмыстары, қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысты бірнеше Мемлекеттік лицензияға ие. Сонымен қатар, ҚР Техникалық реттеудің Мемлекеттік жүйесінің құрылыс жұмыстары мен қызметтеріне қатысты СТ РК ИСО 9001-2001 менеджмент пен сапа сертификатын және сапа жүйесінің сертификатын алды.

 
Барлық құқықтар қорғалған © 2010 ВЭН ЖШС
Қазақстан, Астана, 050004, Абай көшесі, 12, Тел.: +7-727-258-17-45, 258-17-46, Факс: +7-727-258-17-35, E-mail: too_ven@mail.ru